Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Айжан Нұрмағамбетова бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, таңдау жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқанның әр азамат үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Құрылтай – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын үлкен алаң. Сондықтан әр азамат таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел ертеңіне бей-жай қарамауы керек деп ойлаймын. Бүгін азаматтық таңдау жасадым. Еліміздің болашағы жарқын болсын», – деді Айжан Нұрмағамбетова.
Әнші қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды шешімнен шет қалмауға шақырды.