AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматыда Нұрлан Оразалин дауыс берді

Алматыда Нұрлан Оразалин дауыс берді

Сайлау-2023 19.03.2023, 11:26 844
Алматыда Нұрлан Оразалин дауыс берді
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Алматыда ақын, драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек сіңірген қайраткер Нұрлан Оразалин N301 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Ақын бүгінгі сайлауда Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, өз конституциялық құқығын пайдалануы керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кез келген сайлаудың тарихи сипаты болады. Бүгінгі сайлаудың басқа сайлаулардан жөні бөлек. Себебі, шынымен егер демократиялық құндылықты бағалайтын болсақ қазір мол мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл шын мағынасындағы сайлаудың жаңа үлгісі деп бағалауымыз керек. Қазір дүние жүзі біздің елге қарап отыр. Сондықтан Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, өз конституциялық құқығын дұрыс пайдалануы керек деп есептеймін», - деді Нұрлан Оразалин.



Ол өз көңілінен шыққан партия мен ел ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға дауыс бергенін жеткізді.



«Мен өз ойымда жүрген, көңілімде жүрген ойларымды айтқан партияға дауыс бердім. Оны өзім білемін. Ал енді жалғыз мандатты кандидаттардың ішінде белгісіз азаматтар көп екен. Маған таңдау қиын болды. Дегенмен, олардың арасында елдің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтар бар, мен соларға дауыс бердім. Біздің сақтанатын бір нәрсеміз бар – ол жең ұшынан жалғасып кетпей, шын жүйріктерді таңдай білсек, Жаңа Қазақстанның алға қойған мақсаты мен мұратын орындаймыз деп ойлаймын. Мен Жаңа Қазақстан үшін, болашақ ұрпағымыз мықты, текті болуы үшін дауыс бердім», - деді ақын Нұрлан Оразалин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #дауыс беру #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика