AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналғ...

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жас дирижёрлер байқауы өтеді

Не? Қайда? Қашан? 08.10.2025, 14:40 1,412 Bakyt
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жас дирижёрлер байқауы өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

8–10 қазан күндері Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда композитор, дирижер, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, «Халық қаһарманы» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық дирижерлер байқауы өтеді. Бұл жөнінде Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде хабарланды.

Байқау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты – отандық дирижерлік мектеп дәстүрін сақтап, дамыту, жаңа есімдерді анықтау, жас таланттарға қолдау көрсету және ұлттық мәдениеттің беделін халықаралық деңгейде арттыру.

Шығармашылық сынға еліміздің жас таланттары мен музыка университеттерінің 18 бен 35 жас аралығындағы студенттері қатысады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Барлық шығарма Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін сүйемелдеуімен орындалады.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, композитордың қызы Дінзухра Тілендиева байқаудың маңыздылығына тоқталып: «Бұл тек жас дирижерлердің жарысы ғана емес. Әкемнің бай мұрасымен жақынырақ танысып, оның шығармашылығына қанығып, сол серпінді жас буынға жеткізудің ерекше мүмкіндігі», – деді ол.

Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармония директоры Ақан Абдуалиев байқаудың композитордың  мерейтойымен қатар келуі ерекше мәнге ие екенін атап өтті. «Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр. Алматыда байқаудың ұйымдастырылуы – символдық мәні бар оқиға. Біз бұл жоба тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беріп, жаңа есімдерді анықтайтынына сенеміз», – деді филармония басшысы.

Жеңімпаздарды мәдениет пен өнер саласының танымал қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Лауреаттарға мынадай марапаттар табысталады:

•    Гран-при
•    I, II және III орындар
•    Арнаулы дипломдар, соның ішінде «Нұрғиса Тілендиев шығармаларын үздік орындағаны үшін» жүлдесі.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен гала-концерт 10 қазан күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Үлкен залында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нұрғиса #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);