Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып к...

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді

Барлығы 17.10.2025, 10:57 406
Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда біліммен де, еңбекпен де айналыспайтын жастардың үлесі (NEET санаты) біртіндеп төмендеп келеді. 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6,4 пайыздан 5,8 пайызға дейін азайып, 39,3 мың адамға жетті. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды көрсетіп отыр. Бұл туралы қаланың жастар саясаты басқармасы хабарлады.
 
Қазір мегаполисте 14 пен 35 жас аралығындағы 712 мыңнан астам жас тұрады. Бұл қала халқының шамамен үштен бірі. Жастарды қолдау мақсатында шаһарда білім беру, жұмыспен қамту және тұлғалық даму бағытында жүйелі жұмыс қолға алынған. 

Жастар саясатының басты басымдықтарының бірі сапалы білім беріп, кейін еңбек нарығында өз орнын табуға мүмкіндік жасау. Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 210 мыңнан астам студент білім алып жүр. Қалалық мансап орталығы 5 мыңнан астам жасқа бағыт-бағдар беріп, жұмысқа орналасуына жәрдемдескен. 2025 жылдың басынан бері Еңбек мобильдігі орталығы арқылы 8,4 мың жас жұмыспен қамтылған, оның 4,9 мыңы тұрақты, 3,5 мыңы субсидияланған жұмыс орындарына орналасқан.


 
Сонымен қатар Алматыда жастарды қолдауға бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Skill All жобасы аясында офлайн форматта қолданбалы дағдыларға үйрету курстары өткізіледі; Jasalmaty.kz порталы арқылы онлайн-оқыту және жұмыс іздеу қызметтері қолжетімді; New Generation Leaders карьералық олимпиадасы мен жетекші жұмыс берушілер қатысатын карьера күндері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жастарға маусымдық жұмыс ұсынатын ұлттық «Жасыл ел» жобасы да жалғасып келеді.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, осы бағдарламалардың нәтижесінде 10 мыңнан астам жас түрлі оқыту курсынан өтіп, 18 мыңнан астамы жұмысқа орналасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#NEET
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі