Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда NEET жастарға арналған  «Youth Nomads» жа...

Алматыда NEET жастарға арналған  «Youth Nomads» жаңа спорттық жобасы басталды

Әлеумет 30.04.2025, 11:31 666
Алматыда NEET жастарға арналған  «Youth Nomads» жаңа спорттық жобасы басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жастарды көптеп дәстүрлі спортқа тартуды көздейтін «Youth Nomads» дейтін әлеуметтік жоба басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  пресс-конференцияда ұйымдастырушылар көпшілікті жобаның мән-жайымен таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматының жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асып жатқан бұл жоба – қазір жұмыссыз отырған, еш жерде оқымайтын NEET санатындағы жастарға бағытталған. Бастаманың мақсаты – ұлттық спорт пен дәстүр арқылы оларды әлеуметтік бейімдеуге атсалысу.  

«Бұл жастарды әлеуметке жақындастырып, қоғамға бейімдеп, олардың жаңа кәсіпті игеруіне жол ашатын, жастарды ұлттық спорт арқылы дамытуды көздейтін үлкен  жоба. Жастарды  салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын жол», — деді жастар саясаты басқармасы бастығының орынбасары Алмаз Кеңесбай.  


Бұл жобада бірнеше ұлттық спорт түрлерін қамтыған фестиваль өтпек. Алматының үлкен-үлкен базарларында жұмыс істейтін жастар қазақша күрестен, арқан тартудан, асық атудан, тоғызқұмалақтан өзара жарысқа түседі онда.  Алғашқы кезеңде іріктеуден өтіп, ақтық айқас 28 мамыр күні өтіп, сол күні жеңгендері сыйлық алады.

«Youth Nomads» жобасының жетекшісі Тауасар Мұратханның айтуынша, фестивальда мәдени бағдарламалар: қолөнершілердің бұйымдары қойылған көрме, концерт пен белсенді жастардың мастер-класы да өтпек.  Бұл жастардың шабытын шыңдап, елдің бай мәдениетіне кіріктіре түспек оларды.  

«Youth Nomads — фестиваль ғана емес, жастар мен қоғамның арасындағы әлеуметтік көпір де. Спорт, дәстүр, ұжымдық жұмыс арқылы олар қоғамнан өз орнын тауып, өмірге үмітпен, жаңаша қарай бастайды», — дейді ұйымдастырушылар.  

Жоба жоқ дегенде қаланың екі үлкен базарын қамтымақ. Жобаның соңында әкімдіктің өкілдері, мәслихат депутаттары, блогерлер мен белсенділер қазылық жасап, көзге түскен жастарды марапаттайды. 

 Ұйымдастырушылардың айтуынша,  жобаға қазірдің өзінде жастар мен әлеметтік құрылымдар қатты қызығып, қатысуға өтініш білдірген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Youth Nomads #Алматы #жастар #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға өсті

Бүгін 12:04

Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Бүгін 12:02

Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған жобалар

Бүгін 11:58

Алматының Әуезов ауданында күн сайын 700-ден астам қызметкер тазалықты қамтамасыз етеді

Бүгін 11:56

Әуе толқынында – «Шалқар» радиосы!

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика