AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Музей түні» мерекелік іс-шарасы өтеді

Алматыда «Музей түні» мерекелік іс-шарасы өтеді

Әлеумет 17.05.2022, 12:30 1,392 Almaty-akshamy
Алматыда «Музей түні» мерекелік іс-шарасы өтеді
Cурет: Орталық музей

Музей түнінің  басты   оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының»  ашылуы


ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс шарасын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына музей артефактілерімен, мәдени-білім беру бағдарламаларымен танысуға және еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.


ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің биылғы жылғы «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың  бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады. Фестивалға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, музыка, шығармашылық жағынан халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттары мен талантты жасөспірімдер қатысып отыр. Аталмыш республикалық фестиваль қорытындысы нәтижесінде 16 номинация бойынша жас таланттарға марапатты елімізіге белгілі ғылым, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер табыстайды.  


Музей түнінің  басты   оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының»  ашылуы. Орталықтың  жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай - ақ, шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға  бағытталған. Яғни, балалардың бос уақыттарын (демалыс) тиімді ұйымдастыру, мультипликациялық фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істеу.  Коворкинг балалар орталығының  басты  демеушісі КМF Микроқаржы ұйымы және «КМF-Демеу» корпоративтік қоры (www.kmf.kz, https://www.demeufund.kz/). Сонымен бірге «Жас экскурсовод», «Өлкетанушы» және  «Бірге сурет салайық»   бейнелеу өнері  үйірмелері ашылып, музей күніне қатынасушы балалар арасынан тегін қабылданады. 


МУЗЕЙ ТҮНІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА: жанданған экспозициялар, музей қорындағы сирек кездесетін қару - жарақтар коллекциясы негізінде «Ер қару бес қару» көрмесі (XVIII-XIX ғғ.), «Біздің таланттыларымыз», «Менің бақытты балалық шағым» атты қалалық бейнелеу өнер студияларының балалар шығармашылығы көрмесі, белгілі фотограф М. Золотухиннің фотокөрмесі және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша консервациядан және рестоврациядан өткізілген мәдени мұраларымыздың көрмесі көрермен назарына алғаш рет ұсынылады. Белгілі қазақстандық суретші-қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қырым Алтынбековтің «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» көрмесі.  


Концерттік бағдарлама-қойылымдар: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және  Қазақстан-Жапон орталығынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар. Сондай - ақ, мерекелік іс шара қонақтары мемлекеттік оркестрлер мен балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концертерін  тамашалай алады. 


Музей қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымы, балалар дефилесі, М.Грибованың жетекшілігімен «HighTech Academy» шляпалық дефилесі, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің стилисттік шаш үлгілері көрсетілімін тамашалайды. 


Арнайы балалар үшін Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өтеді.


Музей алматылықтар мен қала қонақтарын «Музей түні-2022» акциясының қызықты және тартымды бағдарламаларымен танысуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Музей түні #Коворкинг #орталық музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);