AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мүліктің барлық түрлері бойынша келтірілг...

Алматыда мүліктің барлық түрлері бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 112 млрд теңгені құрады

Әлеумет 17.01.2022, 06:44 1,475
Алматыда мүліктің барлық түрлері бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 112 млрд теңгені құрады
mail.kz

Қаладағы ШОБ нысандарының ішінде азық-түлік емес дүкендер ең көп зардап шекті. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша залалды бағалау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатқаны белгілі. Комиссия жұмысына іс жүзінде барлық қызметтер мен ұйымдар, соның ішінде «Атамекен», тәуелсіз бағалаушылар мен аудиторлар палатасының өкілдері тартылған.



Алдын ала деректер бойынша (14.01.2022 жылғы жағдай бойынша) мүліктің барлық түрлері бойынша залалдың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден астам (~112,6 млрд), оның ішінде: 
бизнес субъектілері бойынша 67 млрд (ШОБ – 42 млрд, ірі бизнес – 25 млрд).


Алматы әкімінің орынбасары атап өткендей, ШОБ арасында азық-түлік емес дүкендер – 20,9 млрд, азық-түлік дүкендері – 5,7 млрд, қару-жарақ дүкендері – 6,4 млрд, ломбардтар - 2,9 млрд, қоғамдық тамақтану объектілері – 1,8 млрд және т.б. зардап шекті.


Қаржы ұйымдары бойынша (банк бөлімшелері, банкоматтар) алдын ала залал 701,7 млн құрады, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, зардап шеккен объектілер бойынша деректерді жинауды жалғастыруда. Біз жақын күндері агенттіктен мәліметтер аламыз деп күтудеміз.


Ірі бизнес бойынша шығын шамамен 25 млрд.



Бұдан басқа, жанар-жағармай құю бекеттері 306 млн теңгеге, басқа нысандар – 3,1 млрд теңгеге зардап шекті.



«20 әкімшілік ғимарат, полиция департаментінің 10 бекеті, 17 экопост пен әуежай ғимараты бойынша шығын 22,6 млрд теңгеден асады», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.



Атап айтқанда, әкімдік ғимаратының шығыны 20 млрд; Бас прокуратураның Арнайы есеп басқармасының ғимараты 2 млрд; полиция департаменті мен аудандық басқармалардың ғимараттары мен бекеттері 205 млн; 162,7 млн-ға 17 экопост; медициналық нысандар – 2,1 млн және т.б.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өсеров #мүлік #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);