AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мұғалімдер арасында әскерилендірілген эст...

Алматыда мұғалімдер арасында әскерилендірілген эстафета өтті

Әлеумет 07.01.2025, 11:17 1,110 dulatbekova
Алматыда мұғалімдер арасында әскерилендірілген эстафета өтті
Cурет: Қорғаныс министрлігі

№ 208 мектеп-гимназия базасында ұйымдастырылған іс-шараға жүзге жуық алғашқы әскери дайындық және басқа пәндердің мұғалімдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Педагогтарды қолдауға Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова, «Жас сарбаз» «балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ Алматы филиалының жетекшісі запастағы подполковник Марат Қанатов және Алматы қаласы бойынша «Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағы» РҚБ өкілі Ермек Шыңғысов келді.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Білім бөлімі ұйымдастырған іс-шара Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетуімен басталды.

– Біз мұндай жарыстарды жыл сайын өткізіп тұрамыз. Бұл алғашқы әскери дайындық оқытушылары арасында педагогикалық шеберлікті арттыруға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы лейтенант Мақсат Әжіханов.

Эстафета АК-74 автоматын толық бөлшектеп-жинау, қарудың оқжатарын оқу патрондарымен жабдықтау, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, пневматикалық мылтықтан нысана көздеу және медициналық-санитарлық дайындық тапсырмаларынан тұрды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Рақым Сәрсенбин атындағы № 192 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, екінші орынды № 174 мектеп-гимназия командасы иеленді. Үшінші орынды № 176 мектеп-гимназиясы мен № 187 жалпы білім беретін мектеп өзара бөлісті.

Жарыстың жеңімпаз командасы мен жүлдегерлері кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мұғалімдер #Эстафета
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);