Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 09:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстігіндегі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.