Әулет өкілдері №200 мектеп-гимназияда орналасқан №562 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматылық Дүйсебаевтар отбасы – «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпазы. Төрт буын ұстаздарының басын қосқан педагогтер әулетінің жалпы еңбек өтілі 501 жыл. Ал отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбек өтілі 3 жылдан 40 жылға дейін жетеді.
Отбасы үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымын білдірумен қатар, өскелең ұрпаққа ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын үлгі ету мүмкіндігі.
Әулеттің үлкені Ұлбосын Дүйсебаева – 40 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз, тоғыз бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Оның тоғыз баласының барлығы да педагог мамандығын таңдаған. Үш немересі де ұстаздық жолды жалғастырып келеді.