AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік жел...

Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын қалай жүргізу керектігі айтылды

Заң мен тəртіп 22.02.2023, 08:31 953
Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын қалай жүргізу керектігі айтылды
Сурет: Vlast.kz

Оларға бірқатар шектеу қойылған.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақшалар ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар.


Мемлекет басшысы халықпен тиімді және сапалы қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде болуының маңыздылығын «әрбір мемлекеттік қызметші қадағаланатын мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек»  деп бірнеше рет атап өткен болатын Мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшасын жүргізуінде департаментте атап өткендей, бірқатар шектеулер бар.



«Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуі тиіс тұстар бар. Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және т.б. фонында ойын-сауық орындарында  түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек», - деп түсіндірді спикер.



Аталған шектеулерден басқа, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқыды әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы және нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызметші #Әлеужелі #парақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);