AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күше...

Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күшейді

Мұны білген жөн Бүгін 11:45 18
Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күшейді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті дамыту жұмысын қорытындылады: этикаға байланысты бақылау күшейіп, қаншама кеңес беріліп, біраз құрылымдық реформа жүзеге асты. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің нормасын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға көп көңіл бөлініпті. Тек төртінші тоқсанда мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, азаматтар мен ұйымдарға да кеңес беріп, көмек көрсеткен. Сонымен қатар ондаған лекция мен семинар да өтті.

«Әдеп кодексі қазір жай бір құжат емес, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қалыптастыратын практикалық құрал. Азаматтар тарапынан ашықтық пен айқындыққа сұраныс артып келеді, мемлекеттік қызметкерлер де соған сай болуы тиіс енді. Сондықтан біз тек құқық бұзушылыққа қарсы күреспен шектелмей, оның алдын алуға көп мән береміз. Басты мақсатымыз — қызметтегі әдептен аспайтын мәдениет қалыптастыру», — дейді спикер.

Бір жыл ішінде Алматы әкімдігінде құрылымдық өзгерістер болды. Экономика және қаржы басқармалары біріктірілді, тілдер және ономастика бөлімі ішкі саясат саласына беріліп, қалалық мобильдік басқармасы екі бөлек органға бөлінді. Осыған байланысты 96 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді.

2025 жылы мемлекеттік қызметке алғаш рет 91 адам қабылданды. Оларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, ашық дереккөзге қажетті ақпарат шықты.

Мүдделер қақтығысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Қаланың 25 басқармасы мен 8 аудандық әкімдігінде жақын туыстардың қызметтес болуына жол бермеу талабы тұрақты түрде тексеріліп тұрады. Әзірге бақылау нәтижесі мұндай деректі анықтай қойған жоқ.

Сонымен қатар құқықтық және этикалық сауаттылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің материалдары таныстырып, қызметтік мінез-құлық, құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мен діни көзқарастарды таңуға жол бермеу тақырыптарында лекциялар өте бастады. Бұл бағытта 184 іс-шара, оның ішінде 66 семинар ұйымдастырылды.

«Біз қызметтен тыс мінез-құлыққа қатысты тәуекелдердің алдын алуға да назар аударамыз. Құмар ойыны өтетін орындарға бару, діни салада бейтараптық сақтау — бұл енді жеке мәселе емес, кәсіби жауапкершілік. Сондықтан мұндай тақырыпты үнемі талқылап, түсіндіру қажет. Осы мақсатта оқыту форматтарын және ұжымдармен ашық диалогты белсенді қолданамыз», — дейді Мамай Ахетов.

Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп, барлық жергілікті атқарушы органдарда қызметкерлерді деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алатын арнаулы жиналыс өткізіліп жатыр. Оларға барлық мемлекеттік қызметшілер қатысады.

Сонымен қатар түсіндіру жұмысында мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен кепілдігі, қызметтегі теңдік пен кез келген қысым көрсету түріне, оның ішінде жыныстық қысымға жол бермеу жағын назарда ұстаймыз.

Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қатысты баптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын бақылау да қолға алынды. Талдау Бас прокуратура жанындағы «Талдау орталығы» жүйесінің деректері негізінде жасалып, қаланың барлық аудандық әкімдігі мен басқармасындағы жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мемлекеттік қызметкер #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика