Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мемлекеттік органдардың сыртқы экономикал...

Алматыда мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен диалогы өтті

Әлеумет 21.06.2022, 09:56 970
Алматыда мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен диалогы өтті
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Талқылауға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП басшылары, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлік қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.


Іс-шара басында Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының кеден бекеттерінің басшылары кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдер мәселелері бойынша кеңес өткізді.


Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов іс-шараны аша отырып, негізінен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге қатысты мәселелер толғандыратынын атап өтті.


Кәсіпкерлер кеден бекеттерінің өткізу қабілеті, жүктерді рәсімдеу кезінде артық құжаттандыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын халықаралық тасымалдарға арналған бланкілердің тапшылығы мен алыпсатарлығы бойынша мәселелерді көтерді.



«Кәсіпкерлерді қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар», - деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан атап өтті.




Кәсіпкерлерге келіп түскен барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар толық түсініктемелер берді, бірқатар нақты өтініштер бақылауға алынды.


Осылайша, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Серік Жанайдаров сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың айтылған мәселелерін шешу бойынша барлық шаралар қабылданатынын атап кетті.


Жалпы талқылау барысында сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар айтылды.


Дөңгелек үстел соңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бүгінде айтылған барлық проблемалардың 90%-ы өңірлік деңгейде шешілуі мүмкін екенін атап өтті. Сұрақтардың басым бөлігі «Атамекен" ҰКП-ның бақылауына алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сыбайлас #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика