Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықта...

Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 85%-ға жетті

Әлеумет 16.08.2024, 17:05 905
Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 85%-ға жетті
Алматы әкімдігі

Биыл Алматыда мектептер үшін интерактивті контенті бар 168 жаңа модификация кабинеті сатып алынды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шаһар басшысы қаладағы мектептердің инфрақұрылымына баса назар аударылатынын атады. 

«Биыл мектептерге практикалық және теориялық есептерді шешу үшін интерактивті мазмұны бар 168 жаңа модификация кабинеті (физика, химия, биология, робототехника, STEM) сатып алынды. Бұл мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтаудың 85% деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді», - деді Ерболат Досаев.

Осылайша, 168 жаңа кабинеттің енгізілуімен мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау өткен жылмен салыстырғанда 16% өсті. 

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясымен бірлесіп №201 мектеп-гимназиясында «цифрлық теңге» платформасында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға арналған «цифрлық ваучерлер» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама бойынша бүгінде 50 мыңға жуық транзакция жүргізілді.

«Алдағы уақытта жобаны қаланың басқа мектептеріне де енгізуді жоспарланып отырмыз», - деді Алматы әкімі. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының бастауына орайластырылған «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты қалалық тамыз саммиті өтті. Іс-шара педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласындағы озық тәжірибелерді және жаңа технологияларды алмасуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #модификация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика