AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы баст...

Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды: жедел желі телефондары жарияланды

Әлеумет 02.08.2024, 10:27 1,158 Bakyt
Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды: жедел желі телефондары жарияланды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 15 мыңнан астам оқушы төлем алады

Алматыда «Мектепке жол» акциясы аясында бей-жай қарамайтын қала тұрғындары мен кәсіпкерлер балаларға қалай көмектесе алатындығы айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Қаланың білім басқармасының ақпараты бойынша акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады, осы уақыт ішінде «Жалпыға бірдей білім беру» қорының, демеушілер мен меценаттардың бюджет қаражаты есебінен мұқтаж оқушыларға көмек көрсетіледі. 

Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себеппен балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Халықтың әлеуметтік осал тобынан 15 мыңнан астам бала 55 мың теңге көлемінде көмек алады. Қаражат жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан бөлінеді, ақша мектеп формасы мен кеңсе жабдықтарын сатып алуға бағытталады. 

Кімдердің көмек алуға құқығы бар:

•    мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар
•    жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар,
•    жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
•    төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар,
•    білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын оқушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Көмек алу үшін жоғарыда аталған бес санаттың бірін басшылыққа алып, баланың оқу орны бойынша мектепке өтініш жазу қажет.

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді. Өзге жағдайда – білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет. 

Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсеткісі келетін қаланың барлық қамқор тұрғындары аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады.

Акция туралы қосымша ақпаратты мына жедел желі телефондары арқылы білуге болады:

•    Алатау ауданы: 8 708 970 50 42, 
•    Алмалы ауданы: 8 707 544 20 89, 
•    Әуезов ауданы: 8 702 327 36 69,
•    Бостандық ауданы: 8 777 280 66 50, 
•    Жетісу ауданы: 8 708 935 94 98,
•    Медеу ауданы: 8 775 919 40 00,
•    Наурызбай ауданы: 8 775 401 45 46,
•    Түрксіб ауданы:  8 701 615 49 78.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушы #«Мектепке жол»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);