AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 9...

Алматыда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 96,1%-ға жетті

Алматы 24.06.2026, 15:44 391
Алматыда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 96,1%-ға жетті

Алматында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 96,1%-ға жетіп, балабақша кезегі 46%-ға қысқарды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев осылай деді.

Қалада мектепке дейінгі 1 097 ұйым жұмыс істесе, онда 88 219 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның 201-і мемлекеттік, 896-сы жекеменшік балабақша.

Оң өзгерістің негізгі факторының бірі мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асыру болды. Былтырғы шілде айынан бастап қаржыландыру жан басына шаққандағы қағидат бойынша жүзеге асты, яғни қаражат тікелей балаға бағытталады.

«Ата-аналарға балабақшадан орын алу мүмкіндігі туралы 200 мыңнан астам хабарлама жіберіліп, 115 мыңнан астам ваучер берілді. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 96,1%-ға дейін өсіп, кезекте тұрған бала саны 40 747-ден 22 116 балаға дейін қысқарды», – деді Сәкен Аралбаев.

Орын тапшылығын шешу мақсатында 2025 жылы Алматыда 375 орындық екі мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымға 70 орындық қосымша ғимарат салынды.

Биыл қалада жалпы саны 5 375 орынға арналған 62 балабақшаны ашылмақ. Оның ішінде 6 мемлекеттік балабақша 1 420 орынды қамтамасыз етеді, 36 жекеменшік балабақшада тағы 2 181 жаңа орын ашылмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);