AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт...

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды

Барлығы 10.06.2025, 12:19 1,006 Сұлу
Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды
Алматы әкімдігі

Алматыда "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа жоғары технологиялық зауыттың ашылуы өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Juldyz Kenan Co., Ltd компаниясы - бұл катетер, зондтар, патологиялық материалдарды жинауға арналған контейнерлер және елдегі басқа да медициналық өнімдердің жалғыз өндірушісі. Инвестициялардың жалпы көлемі 2,1 млрд теңге болды. Кәсіпорында 100-ге жуық жұмыс орны құрылды, өндірістік қуаттылық жылына 10 млн бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өнімдері медицинаның әртүрлі бағыттарында — реанимация мен хирургиядан бастап неонатология мен педиатрияға дейін сұранысқа ие. Бүкіл желі сертификатталған және ISO 13485 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Кәсіпорын өндірістік циклдің барлық кезеңдерін қамтиды: жобалаудан бастап клиникалық сынақтарға, орау және стерильдеуге дейін. Жалпы ауданы 7 000 шаршы метр болатын аумақта заманауи өндірістік желілер, зертхана және қойма үй-жайлары орналасқан. Өндірістік үдерістерге экструзия, қысыммен құю, фрезерлеу, жинау, орау және H14 сыныпты таза өндіріс жағдайында стерильдеу кіреді.

Инвестор және зауыт басшысы Бағлан Баккуловтың айтуынша, Juldyz Kenan компаниясы нарықта 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және бүгінде 169 түрлі өнім түрін ұсынады. Жаңа кәсіпорынның ашылуымен компания ішкі нарықтағы сұраныстың 90%-ына дейін қамтамасыз ете алатын болады. Бүгінде компания өнімдері 2670-тен астам медициналық ұйымға жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран және Ауғанстан елдеріне экспорт жүзеге асырылып жатыр. 

Компания инновацияларды енгізуге ерекше назар аударады. Атап айтқанда, инесіз жүйелерді тіркеу аяқталды, оларды нарыққа жылына 3-4 млн данаға дейін шығару жоспарлануда. Өндіріс АҚШ компоненттерін қоса алғанда, жоғары сапалы, қауіпсіз шикізатты қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Ашылу салтанаты аясында медицина ғылымдарының докторы, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зауреш Аманжолова зауыт өнімдері бүгінде босану кезінде қолданылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, кәсіпорын бұған дейін отандық нарықта қолжетімсіз болған жаңа туған сәбилерге арналған қысқыштарды өндіруді жолға қойған.

Зауыттың ашылуы отандық өнеркәсіп пен медициналық инфрақұрылымды дамытудағы, сондай-ақ Қазақстанның медициналық бұйымдар саласындағы экспорттық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам болды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде зауыт орналасқан "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА қатысушылары 182 компания болып табылады, тартылған инвестициялар көлемі 205 млрд теңгені құрайды, 6 900-ден астам жұмыс орны құрылды. 2025 жылы мұнда 18,5 млрд теңгеге алты жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда (оның ішінде Juldyz Kenan Ltd.).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зауыт #ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);