AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инже...

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Алматы 03.07.2026, 16:16 572
Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда
Алматы әкімдігі

Алматыда Медеуден Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаны Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйым жүзеге асыруда. Оның мақсаты – коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыру және туристік инфрақұрылымды дамыту.

Жоба аясында ұзындығы 5,7 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін салу көзделген. Бұл жоба аталған бағыт бойында орналасқан нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Газ құбырының алғашқы учаскелерін орнату, кәріз желілерін тарту және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Барлық жұмыс жобалық құжаттамаға, құрылыс нормаларына және экологиялық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Әсіресе, табиғи ландшафты сақтауға және қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінген.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде жолдың кей бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіліп, арнайы техникалар жұмыс істеуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы  

Бүгін 12:47

Алматының гастрономиялық әлеуеті: қалаға Оңтүстік Кореяның танымал аспазшысы Sin Keun Choi келеді

Бүгін 12:22

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді

Бүгін 12:15

Олжас Бектенов халықаралық бизнес өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:15

Марат Ирменов Қазақстан ҰҚК-нің төрағасы болып тағайындалды

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);