AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өтудің режимі бе...

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өтудің режимі белгіленді

Әлеумет 27.10.2023, 12:55 1,066
Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өтудің режимі белгіленді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Құлаған тастардың зардабын жою бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты «Медеу-Шымбұлақ» автожолымен өтудің режимі белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2023 жылдың 1 қарашасында аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен такси жүргізушілері кіре алады, сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін келесі сағаттарда кіру қолжетімді болады: 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін.


Аспалы жол іске қосылғаннан кейін (1 қарашадан бастап) электр көліктері мен такси жүргізушілеріне сағат 09.00-ге дейін және сағат 18.00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі кезеңде техникалық қызметтердің арнайы көлігі үшін тек кіруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады. 



Еске салсақ, ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап «Медеу-Шымбұлақ» жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталған еді. Қазіргі уақытта автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеулі. 



Жоба аясында құлаған тастарды төмен түсіру және барьерлерді (кедергілерді) тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған. Бұдан басқа, 2024 жылдың көктемінде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #шымбұлақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Кеше 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Кеше 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Кеше 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Кеше 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Кеше 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);