AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2...

Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі

Барлығы 01.07.2025, 17:02 751 Сұлу
Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі
aqshamnews.kz

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Бостандық ауданында 1973 жылы пайдалануға берілген 1,5 шақырымға жуық жылу трассасы ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылы 3 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматының Бостандық ауданында Марков көшесінің бойымен – Бұқар Жырау бульварынан «Зайка» балабақшасына дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы екі бағытта да тоқтатылады.

Көршілес тұрғын үйлердің аулаларына автокөлік пен жедел қызметтер Римский-Корсаков көшесі арқылы – Бұқар Жырау бульварынан №3 тұрғын үй жақтағы кіреберіске дейін қатынай алады.

Бұл уақытша шектеулер көше бойындағы жол жиегінің астымен өтетін магистральдық құбыр желісінің жоспарлы қайта құру жұмыстарын қауіпсіз жүзеге асыру үшін енгізіледі.

Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Аталған жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үй мен тағы 7 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #құбыр #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);