Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда мәдениет және өнер өкілдері марапатталды

Алматыда мәдениет және өнер өкілдері марапатталды

Мәдени Алматы 21.05.2025, 16:07 806
Алматыда мәдениет және өнер өкілдері марапатталды
Қайрат Қоныспаев

Алматыдағы Республика сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шара аясында ұлт руханиятын өрге сүйреп, шаһардың мәдени өміріне елеулі үлес қосып жүрген сала майталмандары марапатталды. 

Суретшілер, дизайнерлер, әртістер, цирк және музей қызметкерлері, кітапханашылар сынды түрлі бағыттағы мәдениет жанашырлары мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

Салтанатты жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, мәдениет саласындағы табысты қызметі үшін марапат иелеріне құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ғылыми қызметкері Ерболат Әуезов «Парасат» орденімен марапатталды.

– Өмірімнің басым бөлігін мәдениет саласына және Алматының дамуына арнадым. Бүгінгі шара мен үшін бір жағынан сағыныш болса, екінші жағынан – қуаныш пен жаңғыруға деген сезім. Бұл мен үшін екінші жастық шақ секілді. Еңбегімді елеп, көп жылғы жұмысымды бағалағаны үшін Мемлекет басшысына және қала әкіміне алғыс айтамын, – деді Ерболат Әуезов марапат алу сәтінде.

«Құрмет» ордені орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалының меңгерушісі Қуаныш Исабековаға, IL CANTO вокалдық квартетінің әншілері – Мақсат Саматов, Жігер Сатханов пен Болат Қанагатовқа, сондай-ақ «Сазген сазы» ансамблінің артисі Ықылас Нұрғалиевке табысталды.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алатау» театрының актрисасы Алма Аманжолова, Қазақ мемлекеттік циркінің акробаты Нұрлан Алшынбаев және 5-studio TV Production директоры Толқын Садыкова марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Күлжамиля Ильясоваға, композитор Владимир Питерцевке, суретші Рустам Мусаевқа және актриса Жаркынай Шалқарға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты мен төсбелгісіне Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының артисі Аяжан Қуанышәлиева мен халықаралық байқаулардың лауреаты Ұлболсын Кенжебайқызы ие болды.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Ағыбай Әжібаев, Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі Болат Момынжанов және эстрадалық-симфониялық оркестрдің музыканттары – Владимир Демченко, Рима Ахметова, Айнаш Жайылбекова-Сарбуфина, Мейіргүл Жалпақова, Ботагөз Қойшыбаева, Валерий Насибулин мен Алексей Тимофеев марапатталды.

– Алматы – мәдениеттің басты ордасы. Бұл қалада ел мақтанышына айналған тұлғалар өмір сүріп, өнерге адал қызмет етті. Мұхтар Әуезов, Шәкен Айманов, Шара Жиенқұлова, Роза Бағланова сынды алыптар өз ізі мен мектебін қалдырды. Бүгінде олардың жолын жалғап, қаламыздың рухани дамуына үлес қосып жүрген дарынды өнер иелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Гүлбаршын Буланбаева мен дирижёр Никита Беляковқа табысталды. Ал Алматы хайуанаттар бағының қызметкері Бағила Ибрагимова министрдің Алғыс хатына ие болды.

– Мәдениет – өмірімізге мән мен сұлулық сыйлайтын, адамзаттың дамуына түрткі болатын рухани күш. Әсіресе, тек белгілі әртістер ғана емес, сахна сыртындағы қызметкерлердің де еңбегі бағаланғанына қуаныштымын. Мен үшін қарапайым алғыс хаттың өзі – зор құрмет. Бұл – елеп, ескеріп отырғанының белгісі. Алматы – расында мәдени астана, ал оның дамуы – өз ісіне берілген мамандар мен қала басшылығының жанашырлығында, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан мәдениет пен өнерге үлес қосып, тарихи мұраны сақтауға атсалысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыс етілді. Олардың қатарында: Сәгімгүл Қарабалина, Раузия Тұрсынбекова, Игорь Благодарный, Бақыт Әлдибеков, Толқын Забирова, Венера Алпысбаева, Алияр Өтетілеу, Асылбек Еңсепов, Бахтияр Тайлақбаев, Татьяна Адельгазинова, Лаура Шуленбаева, Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов, Қайрат Ботабеков, Аида Қауменова, Шоқан Мұратхан, Сәрсенбай Қали, Әсия Хайрулина, Камилла Ли, Анара Әбжанова мен Нэлли Бубэ бар.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі