AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектарда...

Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектардан астам аумақ дәріленді

Алматы Бүгін 16:33 40
Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектардан астам аумақ дәріленді
Алматы әкімдігі

Күзгі кезеңде барлығы 47 мың гектардан астам қоғамдық аумақты қамту жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда кешенді дератизация жұмыстарының күзгі кезеңі жалғасып жатыр. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша мамандар Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарында 20 мың гектардан астам аумақты дәріледі. Күзгі кезеңде барлығы 47 мың гектардан астам қоғамдық аумақты қамту жоспарланған. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Дәрілеу жұмыстары кеміргіштер мекен етуі мүмкін жерлерде жүргізіледі. Олардың қатарында жасыл аймақтар мен ашық биотоптар, індер, арық желілерінің бойы, өзендер мен су айдындарының жағалаулары, қоғамдық көлік аялдамаларының аумақтары, базарлар, медициналық және әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалардың нысандары, сондай-ақ қоқыс шығаратын ұйымдар қызмет көрсететін аумақтар бар.

Әртүрлі аумақтарды бір уақытта кешенді дәрілеу дератизацияның тиімділігін арттырып, кеміргіштердің көршілес аумақтарға кетпеуіне және олардың қайта таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Дератизация кезінде бромадиолон негізіндегі арнайы дәнді жем қолданылады. Бұл екінші буын родентициді. Препарат егеуқұйрықтар мен тышқандарға, соның ішінде бұрын қолданылған препараттарға төзімді кеміргіштерге қарсы әсер етеді. Оның құрамындағы битрекс жемнің адамдар мен нысанаға алынбаған жануарлардың кездейсоқ жеп қою ықтималдығын төмендетеді. Препарат қауіптілігі төмен, 4-сыныпқа жатады.

Препараттың әсері бірден байқалмайды. Жем жегеннен кейін егеуқұйрықтар орта есеппен 8-13 тәуліктен соң, ал тышқандар 7-10 тәуліктен кейін өледі. Белсенді заттың әсерінен кеміргіштердің мінез-құлқы өзгеріп, табиғи сақтығы төмендеуі мүмкін. Сондықтан осы кезеңде егеуқұйрықтар жасырынатын орындарынан жиі шығып, ашық жерлерде көрінуі және бұрынғыдай адамдардың бар-жоғына мән бермеуі мүмкін.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда егеуқұйрықтардың ашық аумақтарда жиі көрінуі жүргізіліп жатқан дератизация жұмыстарына және препараттың олардың мінез-құлқына әсеріне байланысты болуы мүмкін.

Қала жағдайында егеуқұйрықтар кәріз коллекторларында, жертөлелерде және басқа да жетуі қиын жерлерді жасырын мекендейді. Сондықтан олардың санын реттеу үшін аумақтарды жүйелі әрі кешенді түрде дәрілеу қажет.

Жеке сектор тұрғындарына кеміргіштерге қарсы арнайы құралдар тегін беріледі. Мамандар препараттармен бірге оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды ұсынып, пайдалану тәртібін түсіндіреді.

Дератизацияның маңызды ерекшелігі – кешенді тәсіл. Кеміргіштердің дәріленген аумақтардан көршілес жерлерге орын ауыстыру ықтималдығын азайту үшін белгілі бір аумақтағы жұмыстар бір уақытта жүргізіледі.

Алматыда дератизация жылына екі рет – көктемде және күзде жүргізіледі. Күзгі дәрілеу жұмыстары кеміргіштердің ашық мекен ету орындарынан ғимараттарға маусымдық көшуіне дейін олардың санын азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);