AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда курсанттарды әскери-спорттық ойындарға ір...

Алматыда курсанттарды әскери-спорттық ойындарға іріктеу басталды

Әлеумет 30.03.2023, 18:45 925 Almaty-akshamy
Алматыда курсанттарды әскери-спорттық ойындарға іріктеу басталды
Сурет: Министрлік

Іріктеуден өткен курсанттар Қазақстанның Қарулы күштерінің намысын халықаралық аренада қорғайды


ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында II әскери-спорттық ойындарға іріктеу бойынша шаралары Құрлық әскерлерінің әскери институтында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, ҰҚК Шекара қызметі академиясының 120 курсанты қатысады.


Курсанттарға арнап Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, жоғары әскери оқу орындарының басшылары сөз сөйледі.



– Іріктеу жарыстары еліміздің Қарулы Күштерінің құрама командасын қалыптастыруға бағытталған. Іріктеуде жүгіру, белтемірге тартылу, армиялық қоян-қолтық ұрыс, әскерилендірілген кросс, шағын футбол және штаттық қарудан ату бойынша жарыстардың нәтижелеріне байланысты болады, – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, майор Ербол Игисинов.



Іріктеуден өткен курсанттар Қазақстанның Қарулы Күштерінің намысын халықаралық аренада қорғауға мүмкіндік алады. ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасындағы II әскери-спорттық ойындар 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетінін айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери ойын #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика