AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда күрестен Қазақстан жазғы спартакиадасы мә...

Алматыда күрестен Қазақстан жазғы спартакиадасы мәресіне жетті

Спорт 07.02.2023, 17:13 1,559
Алматыда күрестен Қазақстан жазғы спартакиадасы мәресіне жетті
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласының өкілі Ризабек Айтмұхан 92 кг салмақта үздік атанды


Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Қазақстан VI жазғы спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Балуандардан ең соңғы болып еркін күрес шеберлері медальдарды сарапқа салды.


Кеше жамбылдықтар Рахат Қалжан мен Санжар Мұхтар 57 және 65 кг салмақта топ жарды. 74 кг салмақта финалда 2016 жылы қазақ балуандары арасында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған БҚО-ның тумасы, бұл жолы Астана атынан кілемге шыққан Нұрлан Бекжановты ұтқан шымкенттік Дархан Есенғали үздік шықты. Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрғожа Қайпанов пен Данияр Қайсановтың медальсыз қалуы бәсекелестіктің күшейе түскенін көрсеткендей.


Сондай-ақ шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 кг, астаналық Бекзат Үркімбай 97 кг салмақта жеңіс тұғырына көтерілді.


Бүгін жалғасқан додада түркістандық Нұрболат Әбдуәлиев 61 кг, астаналық Санжар Достанов 70 кг, атыраулық Болат Сақауов 79 кг, Алматы қаласының өкілі Ризабек Айтмұхан 92 кг және ақтөбелік Юсуп Батырмұрзаев 125 кг салмақта үздік атанды.


Жалпы есепте Жамбыл облысы көш бастаса, астаналықтар екінші, павлодарлықтар үшінші орынға көтерілді.


Осылайша, күрес түрлерінен Қазақстан спартакиадасы аяқталды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын кілемге қайта оралған Алмат Кебіспаевтың грек-рим күресінен спартакиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова туған күнінде спартакиада жеңімпазы атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес #Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);