конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда күн сайын 300-дей бала жарақат алады

Алматыда күн сайын 300-дей бала жарақат алады

Алматы 24.06.2026, 15:10 181 yakiya
Алматыда күн сайын 300-дей бала жарақат алады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазғы демалыс басталғалы бері Алматыда жарақат алған балалардың саны жылдағыдай артып барады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соның ішінде ең көп кездесетіні - әткеншекте, турник пен спорт алаңында алған жарақат пен велосипед, самокат пен роликті коньки теуіп жүріп жарақат алғандары. Өңірлік коммуникациялар қызметінде жоғары санатты дәрігер, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматолог-ортопеді Бақыт Қожаханов осылай деді.

Маманның айтуынша, жаз мезгілінде Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травмпунктіне күн сайын әртүрлі жарақат алған 300-дей бала көмек сұрап келеді екен.

«Велосипед, самокат теуіп, турник пен ойын алаңында жүріп алған көшедегі жарақат бірінші орында тұр. Балалар футбол ойнайды, құлап, қол-аяғын сындырып, шығарып алады. Тіпті жай ғана жүгіріп келе жатып құлағанның өзінен де ауыр жарақат алуы мүмкін», — дейді Бақыт Қожаханов.

Жыл сайын травматологиялық пункт 32 мыңнан астам науқасты қарайды. Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жалпы 53 мыңнан астам бала медициналық көмекке жүгінеді. Шамамен 3 мың бала жыл сайын стационарда ем алады.

Дәрігердің айтуынша, қаладағы халық саны өсіп бара жатқандықтан, балалар жарақаты да жыл сайын 5–10%-ға артып барады екен.

Мамандарды жылда трезеден құлап жатқан балалар да алаңдатып отыр. Жыл сайын Алматыда дәл осындай 7–10 оқиға тіркелетін көрінеді.

Терезесі ашық бөлмеге, қорғаныш құралы жоқ үйге қараусыз тастап кететіндіктен, көбінесе 3–5 жас аралығындағы балалар көп зардап шегеді.

«Ата-анасының қауіпті ескермеуі осындай оқыс оқиғаға түрткі болып жатады. Кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға мүлдем болмайды. Терезеге қорғаныш құрылғылар орнату қажет», — дейді Бақыт Қожаханов.

Оның айтуынша, Алматыда ауыр жарақат алған балаларға тәулік бойы екі мамандандырылған балалар ауруханасы медициналық көмек көрсетеді. Биыл терезеден құлаған балалар әзірге тіркеле қоймапты.

Маман сондай-ақ ата-аналарға жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсету ережелерін еске салды. Бала құлаған жағдайда оның жағдайын бағалап, қан кетсе тоқтатуға тырысып, дереу дәрігер шақыру қажет.

«Жедел жәрдем келгенге дейін балаға су, тамақ немесе ауырсынуды басатын дәрі беруге болмайды. Бұл шұғыл медициналық көмекті қиындатып, қажетті процедураларға дайындық уақытын ұзартады», — деп түсіндірді дәрігер.

Бақыт Қожахановтың айтуынша, ең көп жарақат алатындар 5 пен 15 жас аралығындағылар, балалар осы кезде өте белсенді болғандықтан, көбіне көшеде ойнап жүріп көп жарақат алады екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#травматология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);