Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсулас...

Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды

Әлеумет 23.07.2024, 14:13 1,088
Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды
Алматы қаласы әкімдігі

«Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясымен сүйемелденетін инвестициялық жоба «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын болады. Онда зауыт құрылысына шикізат жеткізу және дайын өнімді тиеп-жөнелту үшін ыңғайлы логистикалық орналасуды қамтамасыз ететін, ауданы 2 гектардан астам жер учаскесі бөлінді.

Ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болатын кәсіпорын жыл сайын 250 000 күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 585 Вт-тан басталады. Өнім «TGS-Solar» брендімен шығарылады. Кәсіпорынның іске қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Зауттың жылдық қуаттылығы 150 МВт.  Зауыт заманауи жабдықтармен, соның ішінде күн панельдерін құрастыруға арналған автоматты желілермен, лазерлік плазмалық кескіштермен және автоматты дәнекерлеу машиналарымен жабдықталады. Зауыт қалалық экономиканы дамытудың қосымша ынталандырушысы болады, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрады, сондай-ақ қазақстандық құрамдас бөліктер мен материалдар өндірушілерінің тізбегін қалыптастыратын болады.

Зауытқа кредит беруді «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде «Altyn Group» ЖШС жүзеге асырады. Кредиттік лимит бойынша сыйақы ставкасы 6%, қаржыландыру мерзімі - 7 жылды құрайды. «Алматы Финанс» қарыз қаражатын ескере отырып, инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.

Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.

Қазіргі уақытта ҚР ЖЭК үлесі 5,8% құрайды, 2035 жылға қарай 16%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Күн панельдерін өндіру зауытының құрылысы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық машина жасауды дамыту, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, 2029 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ-ін екі есеге арттыру және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін күшейту жөніндегі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бизнес #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика