AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда күйші-композитор Боранқұл Қошмағанбетұлы...

Алматыда күйші-композитор Боранқұл Қошмағанбетұлының 100 жылдығы аталып өтті

Мәдениет 02.04.2023, 10:07 2,122 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда күйші-композитор  Боранқұл Қошмағанбетұлының 100 жылдығы аталып өтті
сурет: Самат Құсайынов

Боранқұл Қошмағанбетұлының домбырасы - музей сахнасында.


Алматыда Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында күйші-композитор  Боранқұл Қошмағанбетұлының 100- жылдығына арналған «Боранқұл Қошмағанбетұлының домбырасы музей сахнасында» атты музыкалық кеші өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Аталмыш іс-шарада, Оңтүстік Қазақстан, Қаратау күйшілік мектебіне үлес қосқан күйші Боранқұл Қошмағанбетұлының домбырасын қабылдау рәсімі өткізілді.



Күйшінің 100 жылдығына орай «Кең жайлау» атты күйлер жинағы кітабының тұсауы кесіледі. Аталған кітапта күйшінің отыз екі күйі нотаға түсіріліп, әр күйдің алдында шығу тарихы жазылған. Сонымен қатар орындау ерекшелігін басты назарға ала отырып, күйлерді QR код арқылы тыңдауға мүмкіндік бар. Бұл кітапқа автор «Жекеме, батыр, жекеме», «Үкілімайдың анасын аңсауы», «Немере жұбанышы», «Ықылас туралы толғау», « Ешкілі таудың етегі» сынды күйлерді түсірген.




«Бүгінгі кеш, болашақ ұрпағымызға үлгі болары сөзсіз. Қазақ күйлері әлемнің назарын өзіне аударуда. Осы ретте, қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларымызды ардақтау біздің басты міндетіміз»,– дейді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Ляззат Сағындықова.



Боранқұл Қошмағанбетұлы 1923 жылы Шу өңірінде дүниеге келген. 1944 жылы Жамбылдағы педагогикалық училищені бітіріп, 1944 жылы Талас ауданында мұғалім болған. 1952 жылы Шымкент қаласындағы мұғалімдер институн бітірген. 1952 жылы КПСС мүшесі болған. 1949 - 2006 жылдар аралығында әртүрлі мекемелерде қызмет атқарған. 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боранқұл Қошмағанбетұлы #күйші #композитор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);