Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды Сурет: ашық дереккөз
Көші-қон қызметінің назарына Алматы-1 теміржол вокзалында Тәжікстан азаматы ілікті. Содан тексеру жқмыстарын жүргізу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Тәжікстаннан келген 25 жастағы Ш. есімді азамат Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) хаттама толтырылды. Шетелдікті елден шығару мәселесін шешу үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті айдауға бергені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Полиция 19-25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілгенін еске салды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21