AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көші-қон ережелерін бұзған 7 шетелдік елд...

Алматыда көші-қон ережелерін бұзған 7 шетелдік елден шығарылды

Заң мен тəртіп 15.03.2024, 08:40 1,268
Алматыда көші-қон ережелерін бұзған 7 шетелдік елден шығарылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда “Мигрант” операциясы жүргізілді. 


Оның аясында көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан 7 африкалық азамат шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қаласының полицейлері көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындаудан қашып жүрген шетелдіктерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Іс-шараның үш күнінде көші-қон  заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.


Осылайша полицейлер Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен Африка континентінің 7 тұрғынын азаматтық алған елдеріне күштеп шығарып жіберді. Аталған шетелдіктер белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпай, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, сот қаулысымен ҚР шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар полиция тәртіп бұзушы шетелдіктерді шақырған ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 90 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ бұл ұйымдарға шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттың орнын  толтыру туралы талап қойылды. Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы шығаруын ұйымдастыру қажеттігін еске салады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көші-қон ережесі #мигрант #заңсыз жүрген шетелдіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);