Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда коронавирус дертінің екі есе өсуі тіркелд...

Алматыда коронавирус дертінің екі есе өсуі тіркелді

Әлеумет 11.01.2022, 05:39 1,103
Алматыда коронавирус дертінің екі есе өсуі тіркелді
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Мегаполисте "омикрон" штамының тез таралуы күтіледі. Алматылықтарда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге – вакциналауға және бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар. Аталған деректерге сәйкес, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Ержан Бабақұмаров хабарлағандай, қала "сары" аймақта орналасқан. Халықтың апталық аурушаңдығы 2 есеге артты. Болжам бойынша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталып, жалғасуда.


Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен нақты оқиғаларға байланысты тұрғындар коронавирусқа тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті. Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде, оң сынамаларды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның "қызыл" аймағына көшуіне әкеледі.


Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус дерті өткен жылдың желтоқсан айының соңында өсе бастағанын еске салды. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны "омикрон" штамының таралуының басталуымен байланыстырды.



Аппараттық кеңес барысында атап өткендей, 6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан "омикрон" штамы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.



Коронавирустың "дельта" штамы әлі де белсенді айналымда. Ол сынамалардың 71%-да, "дельта-плюс" - 16%-да, басқа штамдарда – 4,7%-да анықталды.



Алматыда "омикрон" штамының айналымын 20 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында жұқтырғандардың үлес салмағының 16,4%-ға (27,7%-дан 44,1%-ға дейін), сондай-ақ 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 1,1%-ға (4,2%-дан 5,3%-ға дейін) күрт өскенін көрсететін жас құрамына жүргізілген талдау растайды. Қалған контингенттер бойынша төмендеу тіркелген (60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында – 8,6%-ға, 40-тан 59 жасқа дейінгі адамдар арасында – 2,5%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 4,7%-ға және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға).



Сонымен қатар, симптомсыз формалардың өткен жылдың желтоқсан айында 6%-дан 16%-ға дейін өсуі байқалды, бұл "омикронға" да тән және науқастарды уақтылы анықтау мен оқшаулауды қиындатуы мүмкін.


Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, "омикрон" штамы өте тез жұғады, сондай-ақ жас ұрпақ үшін қауіп-қатер төндіреді. Ол тек вакциналау коронавирустан қорғаудың ең сенімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды "омикронның" таралуын төмендетуді және вакциналауға көмектесуге шақырды.


Бабақұмаров қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 1 077 896 адам, екі компонентпен 1 028 180 қала тұрғыны егілді. Ревакциналау 69 018 адамға жүргізілді.



Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакциналау "омикрон" штамымен жұқтыру кезінде асқынған және өлім жағдайларын емдеуге жатқызудан 70%-ға қорғайды. Бүгінгі күні Алматыда ұжымдық иммунитеттің деңгейі әлі де төмен, иммундық қабат бар болғаны 59,4%-ды құрайды (вакциналанғандар - 49,4%, ауырып жазылған адамдар – 10%).


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #Бабақұмаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика