конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық...

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы Бүгін 10:46 41 yakiya
Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының күшіне енуіне орай «Конституция – балалар көзімен» атты аудандық балалар сурет байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының Оқушылар сарайы бірлесіп ұйымдастырды.

Байқау 15-29 маусым аралығында 7-10 және 11-15 жас аралығындағы екі жас санаты бойынша өткізілді. Оған 50-ден астам жас суретші қатысып, олардың 20-ға жуығы жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылар сарайының директоры Айгүл Байсымақова байқаудың жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

«Байқаудың негізгі мақсаты - 7-15 жас аралығындағы балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрмет сезімін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас дарындарды қолдау», - деді ол.

Салтанатты рәсім барысында қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және жазғы демалыс кезінде аквапаркке тегін жолдамалармен марапатталды.

Жүлдегерлер қатарында №30 мектептің 5-сынып оқушысы Ғалым Айым да бар. Ол ІІ орынды иеленіп, өз шығармаларында Конституцияның балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын және тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағын бейнеледі.

Байқауға ұсынылған барлық жұмыстардың негізгі тақырыбы – Конституцияның қоғамдағы орны, балалардың құқықтары мен бостандықтары, ел бірлігі, бейбітшілік пен келісім, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен болашағы болды. Жас суретшілер өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, туған елінің келешегіне деген сенімін, ұлттық құндылықтарға құрметін және азаматтық ұстанымын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Конституция - балалар көзімен» байқауы жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституцияға деген құрметті қалыптастыруға және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды жоба. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, олардың өз ойын өнер тілі арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);