AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Конституция жобасына қатысты жалған ақпар...

Алматыда Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан адамжауапқа тартылды

Барлығы 03.02.2026, 09:45 308 dulatbekova
Алматыда Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан адамжауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік бар екенін ескертті, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік бар екенін ескертті Ішкі істер министрлігінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың таралу деректері артқаны мәлімделді. Қоғамдық кеңістікте, оның ішінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына қатысты, фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәліметтер тарату жағдайлары тіркелуде.

Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат таратқан. Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы — ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және оларды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми түрде жоққа шығарған. Осыған байланысты аталған азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Абай облысында Семей қаласының тұрғыны жаңа Конституция жобасында мемлекеттің унитарлығы мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін түзетулер бар деген жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шын мәнінде, бұл қағидаттар жаңа Конституция жобасында керісінше тікелей бекітіліп, күшейтілген. Ішкі істер министрлігі Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылыққа жатпайтынын еске салады. Жауапкершілік тек қана көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін  көзделген. Қазіргі уақытта, азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталуда.

— Біз азаматтарды арандатуға ермеуге және тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Ішкі істер министрлігі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және кез келген тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатаң ден қояды, — деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

Ішкі істер министрлігі көрінеу жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттер, себеп-салдарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған ақпарат #тарату #жауапкершілік #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);