AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда композитор Теміржан Базарбаевты еске алу...

Алматыда композитор Теміржан Базарбаевты еске алу кеші өтті

Мәдениет 06.02.2023, 14:00 1,258 Almaty-akshamy
Алматыда композитор Теміржан Базарбаевты еске алу кеші өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Кеште сазгердің жиырмаға тарта әні шырқалды


Ауылын аңсаған әрбір қазақтың сағынышын жеткізіп, кіндігінің қаны тамған жерін аңсатқан «Ауылым» әнін бүгінде тұтас ел біледі. Тәй-тәй басқан баладан, таяқ ұстаған қарияға дейін жатқа білетін әуезді әннің авторын кеше қазақ елі еске алды. Кеште сазгердің жиырмаға тарта әні шырқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Теміржан Базарбаевты еске алу кешін, күйші Секен Тұрысбеков Ақжайлау композициясымен ашты. Алакөл ауданы Жалғызағаш ауылынан түлеп ұшқан сазгердің жанашыр жақындары мен өнерін қолдаушылар қатысты.



«Ауылым әнін білмейтін адам жоқ. Өкінішке қарай, әннің авторы кім екенін ешкім білмеген. Сазгер елеусіз қалып келді. Сондықтан әлеуметтік әділдікті орнатайын деп осы іспен айналысқаныма бір жыл болды. Бүкіл әнін жинап бірінші рет шығарып отырмын», – деді ұйымдастырушы Болатбек Қатықбаев.



«Мені өнерге баулыған кісі. Тек ән емес, ол 4 симфония, 20 шақты қорға арналған, балаларға арналған цикл, 200-ге тарта ән жинағын Семейде біз шығардық», – деді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Аймұхамбет Бейсенбеков.


Айтулы кеште өнер жұлдыздарынан бөлек, біртауар композитордың жақындары мен шәкірттері келіп, құнды күйтабақты жарыққа шығарды. Көзі тірісінде жазған әндерінің де жаңа өңделген нұсқасы кеште шырқалды.



«Шәмші Қалдаяқов атамызбен бірге консерваторияға түскен, бір группада оқыған екен. Теміржан Базарбаев Шәмші атамыздың алғашқы 4 әнінің нотасын жазып берген. Шәмші атамыз оқудан шығып кеткеннен кейін бұл кісі де Семей өңіріне кетіп қалады. Сол жақта қалып қойып, екеуінің арасындағы шығармашылық байланыс үзіледі», – деген журналист, радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай



Вальс корольі Шәмші Қалдаяқовпен үзеңгілес болған дарынды тұлға сол дәуірдегі музыка мәдениетіне жаңа леп берген өнер майталмандарының көшін бастаған. Ал оның жақұт жырларға үйлестіре жазған әуені ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#композитор #еске алу #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);