AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін әл...

Алматыда коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері артты 

Әлеумет 08.12.2023, 09:21 1,456
Алматыда коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері артты 
almaty-akshamy.kz

Аз қамтылғандар үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Көмек халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтардың жекелеген 8 санатына көрсетілетін болады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов хабарлады. 


Мұндай шешім «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына тарифтердің көтерілуіне байланысты қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қабылданды. Заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифтің өсуі 1 кВтсағ үшін 1,2% (26,44 теңгеден 26,75 теңгеге дейін), жеке тұлғалар үшін 7% (21,62 теңгеден 23,13 теңгеге дейін) құрады.



«Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің деректері бойынша жеке тұлғалар үшін тұрғын үйге электр энергиясын орташа тұтыну 209 кВтсағ құрайды, бұл тұрғын үйде құнның 315,59 теңгеге ұлғаюын көздейді.  Осыған байланысты ХӘОТ қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және қаржылық жүктемені азайту үшін қолданыстағы әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК-ке, 2070 теңгеге дейін ұлғайтылды. Әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту 345 теңгені құрайды», - деді Б.Жаубасов.



Атап өтілгендей, жоба ХӘОТ құжаттарын учаскелік комиссияға жіберілмейді, өйткені әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай көрсетіледі. Бұдан басқа, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүгінген әлеуметтік көмек алушылар үшін қайта өтініш бермей, төлем мерзімін 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту көзделген. Әлеуметтік көмек төлеуді қала әкімінің аудандық аппараттары жүргізеді.


«Жобаны қаржыландыру Алматы қаласы бюджетінің қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады. 2024 жылға қаржыландыру 4 млрд теңгеден астам сомманы құрайды», - деп толықтырды басқарма басшысы.


Хабарланғандай, Алматыда ХӘОТ қатарынан 315 мыңнан астам азамат тұрады, оның ішінде биыл 559 млн теңгеге 100 мыңдай адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #төлем #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика