конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда көктемде заманауи өнер ордасы ашылады

Алматыда көктемде заманауи өнер ордасы ашылады

Не? Қайда? Қашан? 10.02.2025, 10:31 850 Nursok82
Алматыда көктемде заманауи өнер ордасы ашылады
инстаграм tselinnycenter / Asif Khan.

Алматылық «Целинный» кинотеатры көпфункционалды заманауи өнер ордасына айналуда. Бұл туралы aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

1964 жылы салынған ғимарат Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз заманауи өнер ордасы болады. Мұнда көрмелер, концерттер, кино көрсетілімдері және түрлі шығармашылық іс-шаралар өтеді.

Жоба әйгілі британдық сәулетші Асиф Ханның жетекшілігімен жүзеге асуда. Ол ғимараттың негізгі архитектуралық ерекшеліктерін сақтай отырып, оны заманауи стандарттарға сай бейімдеді. Жаңарту жұмыстары 2018 жылы басталғанымен, пандемия салдарынан созылып кетті.

Ғимараттың толқынды пішіндегі қасбеті арнайы фибробетонмен қапталып, петроглифтерге ұқсас бедерлі элементтермен әрленеді. Асиф Ханның айтуынша, бұл шешім суретші Евгений Сидоркиннің кеңестік кезеңдегі кескіндемелік шығармасына негізделген, ол қазақтың дәстүрлі тұрмысын бейнелеген.

"Менің мақсатым – тек кеңестік кинотеатрды қалпына келтіру ғана емес, ешқашан болмаған «Целинныйды» ашу. Бұл болашақ ұрпақтың өнері мен шығармашылығы үшін жасалған кеңістік. Заманауи идеялар мен футуристік дизайн үйлескен бұл мекеме Орталық Азия суретшілері үшін ерекше мүмкіндік болады", – дейді Асиф Хан.

Орталықта:


Қазақстандық және орталықазиялық суретшілердің жұмыстарын қолдау;
Галерея, кітапхана, шеберхана және кітап дүкенін орналастыру;
Биік төбелі, кең залдары мен панорамалық терезелері бар шығармашылық кеңістік жасау жоспарланған.

«Целинный» мәдени орталығы биыл көктемде ашылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#целинный #мәдениет орталығы #Асиф Хан #заманауи өнер #реконструкция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бүгін 11:27

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);