AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Кітап шоу-2022» шарасы ұйымдастырылды

Алматыда «Кітап шоу-2022» шарасы ұйымдастырылды

Әлеумет 22.04.2022, 10:57 1,807
Алматыда «Кітап шоу-2022» шарасы ұйымдастырылды
Сурет: Riamo.ru

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні.


Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітап шоу-2022» шарасы ұйымдастырылды. Шара Балалар жылы аясында арнайы өткізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty-tv сілтеме жасап. 


Бүгін – кітапсүйер көпшілік үшін ерекше күн. Себебі, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін әлемнің 100-ден астам елі атап өтеді. Мақсаты – жазушылар мен ақындарға құрмет көрсету және жас жеткіншектерді кітап оқуға баулу. 



«Мереке барысында бірнеше іс-шара циклі өтеді. Мәселен, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби кеш. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабының кейіпкерлері туралы байқаудың қорытындысы жарияланады», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының бөлім жетекшісі  Анаргүл Рахимова. 



Илья Юсупжанов жастайынан кітапқа құмар болып өсті. Қазір өзі де кітап жазады. Таңдаған бағыты - замануи әдебиет саласы. Шығармалары Қазақстаннан бөлек, алыс-жақын шетелдерде де аса танымал. Бүгін ол мерекеге орай жарыққа шыққан туындыларынан көрме ұйымдастырды. 



«Бүгінгі шарада мен өзімнің 4 кітабымды таныстырамын. Оның бірі «Жизнь моими глазами» деп аталады. Бұл – өзім үшін ерекше шығарма. Себебі, кітапты жазуға көп уақыт жұмсадым. Менен бөлек, түрлі бағыттағы жанрда қалам тербеп жүрген жас жазушылар да өз кітаптарын көрмеге қойды», – деді жазушы Илья Юсупжанов.



Қазір жастар арасында кітапқа деген қызғушылықтың төмен екені жасырын емес. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін төртбұрышты телефонға телмірген заманда мұндай шараларды өткізу аса маңызды дейді ұйымдастырушылар. Мереке қарсаңында Ұлттық кітапхананың 9 залында оқырмандар үшін түрлі бағытта шаралар өтті. Айта кеткен жөн, жиын ертең де мегаполистің барлық кітапханаларында жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітап #Шоу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);