Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда киберполиция онлайн-алаяқтыққа қарсы күре...

Алматыда киберполиция онлайн-алаяқтыққа қарсы күресте үздік деп танылды

Барлығы 26.11.2025, 12:43 368
Алматыда киберполиция онлайн-алаяқтыққа қарсы күресте үздік деп танылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы "Кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ең сенімді серіктес" номинациясында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Марапаттау "Орталық Азия Финтех" саммиті аясында өтті. Аталған алаң дәстүрлі түрде өңірдегі цифрлық экономиканың дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші сарапшылар мен ұйымдарды біріктіреді. Қазылар алқасы алматылық киберполицияның киберқылмыстардың алдын алу, анықтау және ашудағы жүйелі жұмысының, сондай-ақ қаржы институттары, IT-компаниялар және қоғамдық ұйымдармен өзара тиімді әріптестігін жоғары бағалады. Сарапшылар ақпарат алмасудың жеделдігі мен тиімділігін, аналитикалық қолдаудың сапасын, инциденттерге дер кезінде ден қоюды және азаматтарды заңсыз онлайн-транзакциялардан, фишингтен және интернет-алаяқтықтың өзге де түрлерінен қорғауға бағытталған кешенді шараларды ерекше атап өтті.

– Бұл марапат – тек құрмет белгісі емес, сонымен бірге «Заң және тәртіп» қағидатының басым бағыттарына сай келе отырып, біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш. Цифрлық ортадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сондықтан біз қаржы ұйымдарымен, IT-секторымен және қоғаммен өзара іс-қимылды жүйелі түрде күшейтіп келеміз. Кибералаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеруде. Сол себепті біз алдын алу шараларын, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды, жедел әрекет етуді және аналитикалық мүмкіндіктерді дамытуды басты назарда ұстаймыз. Мақсатымыз – Алматы тұрғындарының цифрлық кеңістікте кез келген әрекетті қауіпсіз орындауына жағдай жасау. Саммит ұйымдастырушылары мен серіктестерге сенімі мен жоғары бағасы үшін алғыс айтамын. Бұл марапат біздің ұжым үшін азаматтардың қауіпсіздігін нығайту және киберқылмыстарға қарсы күресті одан әрі тиімді жүргізуге зор серпін береді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #киберполиция #онлайн-алаяқтық #Күрес #үздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі