AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кезекте тұрған 46 отбасы жаңа тұрғын үй к...

Алматыда кезекте тұрған 46 отбасы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін алды

Әлеумет 06.11.2023, 03:41 1,038
Алматыда кезекте тұрған 46 отбасы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін алды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өкілдеріне Түрксіб ауданы Қонаев атындағы тұтыну кооперативінде («Жас Қанат» ш/а.) жалдамалы пәтерлер беріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Ауданы 60 шаршы метрден 85 шаршы метрге дейінгі жаңа пәтерлердің кілтін тұрғын үй кезегінде тұрған 46 көпбалалы отбасы алды. Іс-шараға Коммуналдық инфрақұрылымдық дамыту басқармасы, Құрылыс басқармасы, сонымен қатар, мердігер ұйымның өкілдері қатысты. 



Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталған бетте кезекте тұрғандарға берілетінін атап өтті. «Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінде дамыған инфрақұрылымды құруға ден қояды. Мұнда спорт және балалар алаңдары жабдықталған, мектеп бар, жаңа балабақша салынып жатыр, келесі жылы тұрғындардың демалы мен бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орындар бой көтереді», - деді ол. 




Барлығы «Жас Қанат» шағын ауданында кезекте тұрғандарға 401 жалдамалы пәтер беру жоспарланған болатын. Үй кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезең тұрғындарға ыңғайлы кез -  жаңа оқу жылы қарсаңында – тамыздың соңында басталды. Екінші кезең қыркүйекте басталды. Барлығы 300-ден астам отбасы қоныстанды. 


Айта кетейік, Қонаев атындағы ТК-дегі үйлердің құрылысы 2021 жылы қолданыста болған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрғын #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Кеше 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Кеше 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Кеше 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Кеше 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);