Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кеуде қуысы органдарына бірегей оталар сә...

Алматыда кеуде қуысы органдарына бірегей оталар сәтті жасалады

Әлеумет 07.11.2022, 08:14 1,414
Алматыда кеуде қуысы органдарына бірегей оталар сәтті жасалады
almaty-akshamy.kz

Кеуде қуысы деформациясын емдеудің әдіс-тәсілдері туралы Алматы қаласының ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық ауруханасының кеуде бөлігінің хирургиясы орталығының меңгерушісі Нұрлан Жарылқапов айтты, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Кеуде қуысының деформациясы адамдардың 2 %-де кездеседі. Сүйек және шеміршек тіндеріндегі өзгерістер кеуде қуысының тірек функциясын да, қозғалғыштығының қажетті мөлшерін де төмендетеді. Кеуде қуысының деформациясы (төс және қабырғалар) тек косметикалық ақау болып қана қоймайды және психологиялық проблемаларды ғана емес, сонымен қатар кеуде мүшелерінің дисфункциясына әкеледі. Бұл патологияда тыныс алуға байланысты проблемалар жиі туындайды, қатты деформация кезінде жүрек ығысуы,  әрі оның жұмысын бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ, ауыр жағдайдағы кеуде деформациясы омыртқа өзегінің қисаюына әкеледі. Деформацияның бұл түрі тек эстетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар медициналық көрсеткіштер бойынша да түзетілуі керек»,- деп бастады баяндамасын спикер. 



Маманның айтуынша, кеуде қуысының деформациялану себебі туа біткеннен, сонымен бірге, жүре пайда болуы мүмкін. Клиникалық тәжірибеде кеуде қуысының көбінесе  шұңғыма тәрізді деформациясы және шоқы тәрізді деформация түрлері кездеседі. 



«Кеуде қуысының шұңғыма тәрізді деформациясы ең көп таралған және ол 400 жаңа туған нәрестенің ішінде біреуінде кездеседі. Шоқы тәрізді кеуде деформациясы деформацияның екінші жиі кездесетін түрі, ол  шұңғыма тәрізді түріне қарағанда қарағанда 5 есе аз кездеседі. Шоқы тәрізді кеуде деформациясы кезінде кеуде қуысының алдыңғы-артқы өлшемі ұлғаяды және әр түрлі деңгейге және позицияға ие болуы мүмкін жота түрінде қалыптасады, сонымен қатар кеуде қуысының бүйірлік өлшемі тарылады», - деді Нұрлан Жарылқапов.



Бұл деформацияның дамуын түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Кейбір авторлар шұңғыма тәрізді деформацияның дамуы төс сүйекті артқа қарай итеретін қабырға шеміршегінің шамадан тыс өсуіне байланысты болуы мүмкін деп есептейді. Диафрагматикалық ауытқулар, рахит немесе жатырішілік қысымның жоғарылауы да төс сүйегінің артқы ығысуына ықпал етеді деп саналады.


Көбінесе шұңғыма тәрізді деформация тірек-қимыл аппаратының басқа ауруларымен, мысалы, Марфан синдромымен байланысы, деформацияның белгілі бір дәрежесі дәнекер тінінің ауытқуларына байланысты екенін көрсетеді. Генетикалық детерминизм сонымен қатар шоқы тәрізді деформациясы бар науқастардың 40% -ында кездеседі.


Кеуде қуысы деформациясының белгілері:
·         төс және қабырғалардың сырт көзге байқалып тұратын патологиялық өзгерістері;
·         жүрек-қан тамырлары бұзылыстары;
·         тыныс алудың қиындауы;
·         салмақтың азаюы;
·         артериалды қан қысымының көтерілуі;
·        шамадан тыс тершеңдік.
 
Сондай-ақ, брифинг барысында маман ота қалай жасалатынын, операциядан кейінгі қалпына келтіру қанша уақытқа созылатынын және мұндай хирургиялық араласулардың кімдерге қарсы көрсетілімдері бар екенін айтты. Дәрігерлер ерте жаста ота жасауға кеңес береді. Балаларда қалпына келу  тезірек және оңайырақ жүреді.



«Ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ. Егер сіз шара қолданбасаңыз, бұл кеуденің басып тұруы салдарынан ішкі органдардың жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Насса операциясы - бұл шұңғыма тәрізді кеуде деформациясын жоюға арналған, аз инвазивті әдісті қолданатын хирургиялық араласу. Деформацияны түзету технологиясы үш кезеңді қамтиды: пластинаны салу, оны тағып жүру кезеңі және пластинаны алу», - деді спикер.



 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен сақтандырылған және тегін медициналық көмек ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #маман #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі