Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кенелерге қарсы өндеу жұмыстарының бірінш...

Алматыда кенелерге қарсы өндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады

Әлеумет 28.03.2023, 11:59 1,102
Алматыда кенелерге қарсы өндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда 29 наурыздан бастап орманды алқаптарда, қала саябақтары мен гүл бақтарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Алматы қаласында 29 наурыздан бастап жалпы ауданы 2424,54 га құрайтын орманды алқаптарда, қала саябақтары мен гүл бақтарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Өңдеу жұмыстары 8 орманды алқап (1904,924 га), 144 қала саябақтары мен скверлерде (519,616 га) жүргізіледі және ауа-райына байланысты құрғақ, жауын-шашынсыз күндері кестеге сәйкес 29 наурыздан 28 сәуірге дейін жүргізіледі. Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі. Екінші кезең мамыр, маусым айларында жүргізілетін болады», - деді Әсел Қалықова.



Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.



«Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады. Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңғы уақыттарда жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» ескерту хабарламалары бар тақталар орнаталады», - деді спикер.



Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарына байланысты дәрігер қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауға шақырды.



«Акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек, жерге шашыраған препараттар құрғағанша үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген аймаққа жібермеу керек, өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға, пайдалануға болмайды, қала тұрғындары мен қонақтары кенеге қарсы өңдеу кезінде және одан кейін үш күн ішінде саябақтарға, гүл бағындарға және табиғи ошақтарға бармауы керек», - деп ескертті Әсел Қалықова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кенелер #Өңдеу #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика