Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық...

Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр

Алматы Бүгін 12:17 44
Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда көктемгі көріктендіру науқаны жалғасуда. Қалалық сенбіліктер мен экологиялық акцияларға Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) мен «Асфальтобетон 1» кәсіпорнының қызметкерлері де белсенді түрде қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

АЗТМ ұжымы кәсіпорын аумағында және оған іргелес скверде санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар қоқыс жинап, өткен жылдан қалған жапырақтарды шығарды, жүргінші жолдары мен жасыл аймақтарды ретке келтірді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалалық экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, кәсіпорын аумағында ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияға зауыт қызметкерлері, экологиялық қызмет өкілдері және еріктілер қатысты.

Жұмысшылар қажетті құрал-жабдықтармен — қолғаптармен, сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қамтамасыз етілді. Тазалық және көркейту жұмыстарына кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан – таза қала»акциясын біз толық қолдаймыз», — деді АЗТМ бас директорының орынбасары Асхат Тілеубердиев.

«Асфальтобетон 1» кәсіпорнының қызметкерлері де өндірістік алаң мен оған іргелес аумақтарда санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында қоқыс жиналып, арықтар тазартылып, қоғамдық аймақтар ретке келтірілді.

Кәсіпорындардың мұндай бастамаларға қатысуы қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда трамплин маңында жүздеген тұрғын қатысқан сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін 12:59

«Таза Қазақстан»: Алматыда құрылыс компаниялары сенбілікке қатысты

Бүгін 12:55

Алматының Түрксіб ауданында өткен сенбілікке 2 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 12:19

Тоқаев Трампты құттықтады

Бүгін 11:06

Алматыда «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін 11:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика