Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кәсіпкерліктің Цифрлық картасы қалыптасты...

Алматыда кәсіпкерліктің Цифрлық картасы қалыптастырылады

Әлеумет 12.09.2022, 08:02 1,549
Алматыда кәсіпкерліктің Цифрлық картасы қалыптастырылады
Сурет: Blog.visitacostadelsol.com

Порталда бизнеске арналған қызметтер тізбегі кеңейтілетін болады.


"Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту" Бағдарламасын іске асыру шеңберінде, мегаполисте кәсіпкерліктің Цифрлық картасы қалыптастырылатын болады. Жаңашылдық шағын және орта бизнестің жағдайын бағалау үшін almatybusiness.gov.kz веб-порталы базасына енгізіледі, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 


Карта кәсіпкерліктің даму трендін қадағалауға және сыртқы ортаның өзгермелі  жағдайларына тез бейімделуге мүмкіндік береді, ол тұрақты түрде жаңартылып отырады. Цифрлық өнім кәсіпкерлік ортаның ағымдағы жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың кеңістіктік дамуының кешенді көзқарасына мүмкіндік береді. Осылайша, онлайн-қызметке қол жетімділікті арттыру мақсатында, порталда бизнеске арналған қызметтер тізбегі кеңейтілетін болады, мысалы, белгілі бір қызмет түрі үшін қолайлы орынды таңдау функциясы енгізіледі. 


Сонымен бірге, 2025 жылғы мерзімге дейін жыл сайын өзектендіріле отырып, Алматы қаласының Инвестициялық картасын бекіту жоспарланып отыр. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының негізінде «Almaty Invest» инвестицияларын тарту бойынша қалалық фронт-офис құрылатын болады, онда инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау инвестициялық жобалардың бүкіл өмірлік айналымы бойына "бір терезе" (First stop shop) қағидаты бойынша жүргізілетін болады. Жаңа инвесторларды тартумен қатар, фронт-офистің жұмысы әрекет етіп жүрген инвесторларды жаңа жобаларға қайта инвестиция салуға ынталандыруға бағытталатын болады. 


Сондай-ақ, инвестицияларды тартуға халықаралық ұйымдар мен Трансұлттық компаниясының өңірлік өкілдіктерін орналастыру ықпал ететін болады. Бүгінде, Алматыда 80-нен астам өңірлік өкілдіктер бар. 2030 жылға дейін Трансұлттық компаниясының тағы да кемінде 50 өкілдігін ашуды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған шараларды іске асыру оның көлеңкеден шығуына және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға, қала экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған сапалы инвестициялар тартуға көмек көрсете отырып, бизнестің тұрақтылығын арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бизнес #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

Бүгін 17:50

Алматыда қолжазба мұрасын зерттеуге арналған халықаралық жазғы мектеп өтеді

Бүгін 17:30

Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті

Бүгін 17:21

Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика