AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда кәсіпкерлерден ақша талап еткен алаяқтарғ...

Алматыда кәсіпкерлерден ақша талап еткен алаяқтарға қатысты сот отырысы басталды

Заң мен тəртіп 19.08.2022, 06:32 1,222
Алматыда кәсіпкерлерден ақша талап еткен алаяқтарға қатысты сот отырысы басталды
Сурет: Zakon.kz


Қылмыстық іс Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қаралып жатыр.


Алматыда өздерін төтенше жағдай мамандары ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған алаяқтарға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Сот отырысы барысында сотталушылар мен олардың адвокаттары БАҚ өкілдерінің сот процесін жариялауына қарсылық білдірді. Адвокаттар бұл іске жәбірленушілердің барлығы қатыспайтынын және сот отырысының енді ғана басталғанын айтты. Олардың пікірінше, бұл істі жариялауға әлі ерте.


Аудандық соттың судьясы журналистерге адвокаттар мен айыпталушыларды видео мен суретке түсіруге тыйым салды. Сондай-ақ судья сот үкімі шыққанға дейін істі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламау туралы шарт қойды.


Бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасы «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС қызметкерлері өздерін ТЖ органдарының мамандары ретінде таныстырып, бизнес субъектілеріне айыппұл саламыз деп қорқытқанын айтқан болатын.


Ведомства мәліметінше, мұндай қылмыстық схема жүйелі болды. Тек қазіргі уақытта Алматының Наурызбай және Әуезов аудандарында зардап шеккен 30-дан астам кәсіпкер анықталды. Мұндай заңсыз іс-әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіреді және оларға нұқсан келтіреді


Аталған фактілер бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі қозғауға бастамашылық етті, нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылы туған екі азамат ұсталды, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.


Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот отырысы #Алматы #алаяқтар ісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);