AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған алаяқ 4 жылға...

Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған алаяқ 4 жылға сотталды

Оқиға 26.09.2022, 14:00 1,346
Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған алаяқ 4 жылға сотталды
Cурет: Inform.kz

Үш айыпталушы да өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды ішінара өтеді


Наурызбай аудандық сотында өздерін төтенше жағдай мамандары ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қылмыстық іс Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қаралды. Сот «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС-нің үш қызметкерін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) кінәлі деп танып, пробациялық бақылау орната отырып әрқайсысына 4 жылға шартты жаза тағайындады.
Сондай-ақ сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде пробация қызметіне тіркелуге міндетті.


Олар тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгертпеуі тиіс. Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемелеріне баруларына тыйым салынады. Үш айыпталушы да өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды ішінара өтеді. Бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасы «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС қызметкерлері өздерін ТЖ органдарының мамандары ретінде таныстырып, бизнес субъектілеріне айыппұл саламыз деп қорқытқанын айтқан болатын.


Аталған фактілер бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі қозғауға бастамашылық етті, нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылы туған үш азамат ұсталған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #кәсіпкер #бопсалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Бүгін 18:11

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық және AI құралдары бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Бүгін 17:44

Жүрекке жылу сыйлаған күн

Бүгін 17:40

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);