ffin.kz

Алматыда кәсіби бокс кеші өтті

Алматыда кәсіби бокс кеші өтті Cурет: Сергей Штрак

6 жұптың жекпе-жегі  американдық ESPN телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді


Алматы қаласының «Балуан Шолақ» спорт сарайында «MTK KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясы ұйымдастырған халықаралық турнир – кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бокс кешінде Қазақстаннан, алыс-жақын шет елдерден келген боксерлердің 16 жұбы бақ сынады. Олардың ішінде 6 жұптың жекпе-жегі  американдық ESPN телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. 


Кештің басты оқиғасы ретінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) WBA GOLD нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы өзіне тиесілі әлем чемпионы титулын қорғау үшін Оңтүстік Африканың боксшысы Джонни Мюллерге (23-9-2, 14 КО) қарсы шығуы тиіс еді. Алайда оқу-жаттығу барысында африкалық былғары қолғап шеберінің жарақат алуына байланысты қарсылас соңғы сәтте өзгертілді. 


Нәтижесінде ұлттық құраманың бұрынғы капитаны өзбек Фаррух Джураевпен (6-7-1, 2 КО) жұдырықтасып, екінші раундта жеңіске жетті. Отандасымыз бірнеше рет дәл соққы жасаған соң төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. 


Қызылордалық боксшы журналистерге берген сұхбатында кез-келген қарсыласқа дайын болғанын, әр жекпе-жектің тәжірбие екенін алға тартты. 



«Ең алдымен жеңіске жеткенім үшін Құдайға шүкір деймін! Қандай да бір жекпе-жек болмасын барлығына бірдей жоғары дайындықпен келемін. Негізі басқа қарсыласпен шығуым тиіс еді. Алайда қысқа уақыт аралығында үздіктердің қатарында жүрген боксшыларды табу қиын. Ең бастысы жеңіске жетіп, маған қолдау білдірген жанкүйерлердің сенімін ақтадым. Бұйыртса биыл 2-3 кездесу өткіземін. Бұл туралы менеджерлеріммен және бапкерлеріммен ақылдасамыз», - деді Қамшыбек Қоңқабаев. 



Орын алған өзгерістерге байланысты келесі кездесу көрермендердің басты назарына ілікті. Қазақстандық жас боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) өзінің кәсіби рингтегі оныншы жекпе-жегінде 15 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліссіз келе жатқан мексикалық Хосе Масиас Энрикеске қарсы супер жеңіл салмақта (63,5-кг) WBO Youth World титулы үшін күресті. Жекпе-жек он раундқа созылып, қазақстандық боксшыға оңай болмағаны әбден байқалды. 



Көрермендерге боксшылар теңбе-тең жұдырықтасқандай көрінгенімен,  дода 94-95, 95-94, 95-94 төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Түсініспеушіліктің ара-жігін WBC кәсіпқой боксының төрешісі Ербол Нұрышев ашқандай болды. 



«Бүгінгі кеш өз деңгейінде өтті, алайда соңғы кездесу қиындық тудырғаны рас. Мексикалық боксшының деңгейін көрген шығарсыздар, осал емес. Алдыңғы раундтарда біздің жігіт есесін жібергенімен, соңғы раундтарда ұпайларды өз қанжығасына байлады. Шешімнің әділеттілігіне күмәнданғандар да баршылық. Мұндай жағдай кәсіби бокста жиі кездеседі. Біздің спортшы таяқ жеп ұтылған жоқ, былай қарасың теңбе-тең жұдырықтасты десек те болады. Алайда жеңіс құны - белбеу болғандықтан, оны біреуге беру керек болды», - деді төреші. 



Не дегенмен, Рай Сейітжанов профи-рингте оныншы жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша бірінші салмақ дәрежесінде жастар арасында әлем чемпионы атанды.


Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпқой боксшы Талғат Шайкин (7-0, 4 КО) жартылай орта салмақта (66,7-кг) сынға түсіп, өзбекстандық боксшы Мухаммадсалим Сотволдиевті (7-6-2, 3 КО) төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. 8-раундтық жекпе-жекте Нұрдос Төлебай (8-0, 6 КО) өзбекстандық тағы бір өкіл Бургут Ходжибоевті (8-3, 3 КО) төртінші раундта техникалық нокаудқа жіберді.  


Жалпы кеште жоғарыда айтылған боксшылардан бөлек Михаил Коханчик, Артем Пчеляков, Дастан Садуұлы, Нұрбол Сұлтанбай, Жарқынбек Әміров, Вячеслав Әлімбаев, Қанат Өзбекбаев, Дарын Имаханов, Қанат Сангил, Әділет Дәмешов бақ сынады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04