AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында...

Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді

Алматы Бүгін 10:34 42
Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді
Алматы әкімдігі

Алматыда осы демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңкелер ұйымдастырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен отандық өндіруші қатысады.

Сауда орындарында көкөністер мен жеміс-жидектерден бастап, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал мен нан-тоқаш өнімдеріне дейінгі 1 000-нан астам тауар түрі ұсынылады.

«Дала дәмі» акциясы аясында жәрмеңкелер өткізу отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен танытуға, фермерлік шаруашылықтарды қолдауға және тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауда орындары қаланың дизайн-кодына сай заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Атап айтқанда, сауда орындарын безендіру, аумақты көркейту және сауда орындарын ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қолданылады.

Жаңғыртылған алғашқы сауда алаңы Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» шағынауданында ашылды. Аумағы 49 сотық болатын алаңда ашық және жабық павильондарды, сондай-ақ фудкорт аймағын қамтитын 112 сауда орны жабдықталған. Жаңартылған алаң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазір Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб сынды алты ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

• Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданы;

• Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

• Медеу ауданы – Мендіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;

• Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

• Жетісу ауданы – «Құлагер» шағынауданы;

• Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшелерінің қиылысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды

Бүгін 10:15

«Алматы Су» қала тұрғындарын су және кәріз қызметі үшін төлемді кешіктірмеуге шақырды

Бүгін 09:46

Ұлттық орталық музейде кино корифейлеріне арналған көрме ашылды

Бүгін 09:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);