AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арн...

Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр

Алматы Бүгін 11:52 47
Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр

Алматыда оқушыларға жол жүру ережесі, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру және қауіпті жағдайда әрекет ету тәртібі үйретіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығу шаралары қала прокуратурасының бастамасымен Алматы әкімдігі және Полиция департаменті бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» жобасы аясында қолға алынған. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері айтты.

Осындай шаралардың бірі Наурызбай ауданындағы №221 жалпы білім беретін мектепте өтті. 4-8-сынып оқушыларына жолда жиі кездесетін қауіпті жағдайлар бес түрлі көрініс арқылы көрсетілді.

Оқушыларға автобустың немесе жол жиегінде тұрған көліктің алдынан жүгіріп шығудың неліктен қауіпті екені, домалап кеткен доптың артынан жүгірудің қандай қауіп төндіретіні және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту қандай салдарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану ережесі де назардан тыс қалмады.

Бағдарлама аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен де сабақтар өткізілді. Оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде сақталуға тиіс ережелер, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткінің зияны және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы айтылды.

Полицияның арнайы бөлімшелері қызметкерлері мен кинологтардың көрсетілімдері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар қызметтік иттердің күдікті заттарды қалай анықтайтынын көріп, арнайы бөлімше қызметкерлерінің кәсіби даярлық тәсілдерімен танысты.

Іс-шараға Алматы прокуроры Серік Кәріпбеков, Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов және қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев қатысты.

Практикалық сабақтар оқушыларға қауіпсіздік ережесін біліп қана қоймай, мектепке барар жолда, аулада немесе қоғамдық орындарда кездесуі мүмкін жағдайды талдауға мүмкіндік береді.

Осындай сабақтарды Алматыдағы басқа да білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол жүру ережесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Бүгін 12:08

Алматыда «Giro d’Almaty 2026» веложарысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Өзгеріске бастайтын көшбасшылық

Бүгін 11:47

Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді

Бүгін 10:34

Қазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);