Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл соңына дейін аулалар мен подъездерде...

Алматыда жыл соңына дейін аулалар мен подъездерде 4 244 бейнекамера орнатылады

Әлеумет 09.12.2022, 06:12 1,565
Алматыда жыл соңына дейін аулалар мен подъездерде 4 244 бейнекамера орнатылады
Сурет: Kazlenta.kz

Алматы қаласын цифрландыру.


Бұл жайында қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысумен өткен мәслихат сессиясында Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта қалалардың бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы негізгі критерийлердің бірі оны цифрландыру деңгейі болып табылады.


Негізгі жоба Алматы қаласының «цифрлық егізін» енгізу болып табылады. Ол барлық Смарт-сити жобаларын ортақ платформаға біріктіріп, Бірыңғай деректер қоймасын дамытуы тиіс.


Бұл жоба коммуналдық қызметтер, мемлекеттік органдар және басқа да жеке компаниялардың деректерін дұрыс интеграциялау арқылы қаланы басқару сапасын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңді 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр, оған 956 млн. теңге қарастырылған.



«2023 жылы тұрғындар үшін қосымша проактивті сервистерді іске қосуды ойластырып отырмыз. Жыл соңына дейін адамдар көп жиналатын орындарда 3 050 бейнекамера, аулалар мен подъездерде 4 244 бейнекамера орнатылады (0,8 млн. теңге).


Сондай-ақ бүгінде синтетикалық есірткі таратушылар арасында белгілі Кеңсай шағын ауданында қосымша 223 бейнекамера орнатылады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Жол қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылдың сәуіріне қарай желілік учаскелер мен қиылыстарда қосымша 575 Сергек орнату жобасы (3,3 млрд. теңге) аяқталады.


Тұрғындар қаланың кез келген жерінде өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі үшін келесі жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында адамдар көп жиналатын орындарға қосымша 6 000 бейнекамера орнату жоспарлануда.


Қалалық бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды орталықтан басқару және видеоларды талдау үшін олар Бірыңғай бейнемониторинг жүйесінде жинақталады, оған 1,2 млрд. теңге көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #цифрландыру #бейнекамера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика