Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен...

Алматыда жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен 800-ден астам іс-шара өткізілді

Әлеумет 05.12.2024, 15:39 682
Алматыда жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен  800-ден астам іс-шара өткізілді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2024 жылы қаланың волонтерлік қызметін қорытындылауға арналған брифинг өтті.

Биыл Алматы волонтерлері мұқтаждарға көмек көрсетуден бастап қоршаған ортаны қорғауға дейінгі әлеуметтік бастамалардың кең ауқымын қамтитын 800-ден астам іс-шара өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жыл ішінде волонтерлік іс-шараларға барлығы 200 мыңнан астам қала жастары қатысты.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Алматының еріктілері түрлі мәселелерді шешуге белсене араласатынын атап өтті.

«Бүгінде Алматыда жалпы еріктілер саны 50 мыңнан асатын еріктілердің 30-дан астам ірі ұйымдары бар. Еріктілер мүлдем басқа іс-шаралар өткізеді. Бірі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытса, кейбірі жалғызбасты зейнеткерлерге арналған пансионаттарда шығармашылық кештер ұйымдастырады, ал енді біреулері жануарларға немесе қоршаған ортаға көмектеседі», - деді спикер брифингте.

Мысалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру жобалары ұйымдастырылды. Жыл басынан бері маркетинг, қаржылық сауаттылық, мобилография, арт-журналистика сияқты бағыттар бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Бұдан басқа, еріктілер қарт адамдарға арналған шығармашылық кештер, бұралқы жануарлармен жұмыс және т.б. өткізеді. Сондай-ақ, еріктілер күшімен 10 мыңнан астам адамды қамтыған ашық аспан астындағы отандық фильмдердің 40-тан астам көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында «Тілдер саябағы» жұмысын бастады, оның негізінде қала тұрғындары мемлекеттік және шет тілдерін тегін оқыды. Күннің суытқанына қарамай,  қаланың коммуналдық орталықтары базасында тегін тіл үйрету үйірмелері жұмыстарын  жалғастыруда.

Жұмыстың маңызды бағыты гуманитарлық көмек болды. Ағымдағы жылы еріктілер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 592 тонна көмек жинап, жөнелтті. Жұмысты ұйымдастыруға 30-дан астам еріктілер ұйымы, 200-ден астам еріктілер және әскери-инженерлік институттың 100-ден астам курсанты қатысты.

Еріктілерді оқытуға да жеке назар аударылатыны белгілі болды. 

«Қаланың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарына жан-жақты қолдау көрсету үшін Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы қаласы волонтерлерінің өңірлік фронт-кеңсесі жұмыс істейді. Биыл фронт-кеңсе базасында түрлі бағыттар бойынша 700-ден астам тренингтер мен мастер-класстар өткізілді. Жыл соңына дейін тағы 500 еріктіні оқыту жоспарлануда», - деп бөлісті А.Кажденбек.

Халықаралық еріктілер күнін мерекелеу аясында басқарма 4-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласының волонтерлері арасында «Игі істер марафонын» өткізуді жоспарлап отыр.

«Марафонның негізгі мақсаты - қала тұрғындары арасында волонтерлік қызметті насихаттау, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу және қаланың дамуына үлес қосатын белсенді волонтерлерді көтермелеу», — деді ӨКҚ спикері.

Барлығы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 20 волонтерлік іс-шара өткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #волонтерлік қызметі #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика