Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам жұм...

Алматыда жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Әлеумет 18.06.2025, 15:34 779
Алматыда жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласында 2025 жылдың басынан бері 20,2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді іс-шараларға тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әділет Жанабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
 
Орталықтың мәліметінше, олардың ішінде 14,9 мың алматылық тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған. Жыл соңына дейін қалада кемінде 87,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
 
«2024–2029 жылдарға арналған Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында биыл Алматыда 8,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 98,2 пайызы – тұрақты жұмыс. Жалпы жоспар бойынша 2025 жылы 87,2 мың жұмыс орны құрылуы тиіс, оның 73,3 мыңы – тұрақты жұмыс», – деді Әділет Жанабаев.
 
Сонымен қатар, 1,7 мыңнан астам жас кәсіпкер «Бастау Бизнес» жобасы аясында қолдау алды. 3 мыңнан астам азамат кәсіби оқудан өтті. Олардың 2 831-і – онлайн (skills.enbek платформасы арқылы), ал 167-сі – офлайн форматта білім алған. Бұдан бөлек, 17,5 мыңға жуық мектеп оқушысы, студент және жұмыссыз азаматқа кәсіби бағдар берілді.
 
Қысқамерзімді кәсіби оқыту мен жастар тәжірибесі бағдарламалары да табысты іске асуда.
 
«Бағдарлама шеңберінде мемлекет оқып жатқан азаматтарға ай сайын 43 574 теңге көлемінде стипендия немесе 20 АЕК мөлшерінде еңбекақы төлейді. Сонымен қатар, оқу орталықтарына немесе жұмыс берушілерге оқыту қызметі үшін мемлекет ай сайын 70 мың теңге төлейді. Оқуды аяқтаған азаматтарды жұмыс беруші кемінде 6 айға жұмысқа алуы тиіс», – деп түсіндірді спикер.
 
2025 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша оқуға 167 адам жолданған. Олардың 70-і оқуды аяқтап, 47-сі жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта 31 мамандық бойынша 763 бос жұмыс орны бар. Олардың қатарында тігінші, шаштараз, автоэлектрик, кондитер, сатушы және басқа да кәсіптер бар.
 
Жастар тәжірибесі бағдарламасы – жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға мамандығы бойынша алғашқы ақылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Биыл бұл бағдарлама арқылы 236 адам жұмысқа орналасқан. Электрондық еңбек биржасына 1 218 хабарландыру арқылы 1 554 бос жұмыс орны тіркелген.
 
Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар нәтижесінде Алматы қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-дан 4,5%-ға дейін төмендеген.
 
Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар кәсіби дағдысын тегін растау мүмкіндігіне ие болды. Осы мақсатта ваучерлік жүйе енгізілді.
 
«Бір реттік ваучер азаматқа өзінің кәсіби біліктілігін растап, жұмыс тәжірибесі мен дағдысын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмысқа орналасуды жеңілдетеді. Ваучерлер кәсіби біліктілікті тану орталықтары арқылы беріледі және жұмыссыздар үшін бұл қызмет тегін», – деп атап өтті Әділет Жаңабаев.
Ваучер алу үшін азаматтың «жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасына тіркеліп, жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет. Біліктілікті тану мына салалар бойынша жүргізіледі:
• туризм;
• қонақ үй бизнесі;
• ақпараттық технологиялар;
• әлеуметтік қызмет көрсету.
 
2024 жылы Алматыда еңбек қызметін жалғастырғысы келетін белсенді зейнеткерлерге қолдау көрсету мақсатында «Алтын жас» жобасы іске қосылды. Осы бағдарламамен 2024 жылы 704 зейнеткер, биыл – 350 зейнеткер, жалпы саны 1 054 зейнеткер жұмысқа орналасқан. 2024–2026 жылдарға арналған жалпы жоспар 1 500 адамды қамтыған.
 
«Басты мақсат - еңбекке қабілетті барлық азамат үшін жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерін жасау және мемлекеттік қолдауды толық іске асыру», – деді Әділет Жаңабаев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #еңбек #ваучер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика